Асау үйрету қандай спорт? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асау үйрету қандай спорт?

19.08.2015
Асау  үйрету қандай спорт?

30 тамыз Астанада алғаш рет теңге ілуден Азия чемпионаты өтпек. Чемпионат аясында асау үйретуден бірінші республикалық турнир жалауын желбіретеді.  Асау үйрету қандай спорт, оған кімдер қатыса алады?

Жылқы мінезді қазақ бәйге алатын тұлпарды бірден таниды. Үйір-үйір жылқының арасынан «шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ» сәйгүлікті алыстан сынап, құрық салып, мініске көндірген.

Бұл – ертеректе халқымыздың күнделікті тіршілігі болса, бүгінде нағыз өнерге айналды. Асау үйретуді ауыл баласы атасынан естігені болмаса, көзбен көргендері сирек. Ал, қала баласы үшін мүлдем таңсық дүние.

«Көк алалы көп жылқы
Көлге бір түссе көз жетпей,
Санап санын алуға
Есебіне сан жетпей» ,-деп Ақтамберді жырау айтқандай, жылқы – қазақтың жаны. Атқа мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды. Атқа мінген қазақ рухтанады. Сәйгүлікті дегеніне көндірген де біздің ата-бабаларымыз»,-дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.

Асау үйрету – қауіпті өнер. Тақымы мықты, құрыш қолды, шымыр жігіттер ғана шу асауды үйрете алады. Ат баптау екінің бірінің қолынан келмейді. Аттың сырын білетін, сынын түсінетін атбегілер көп жылқының арасынан бітімі бөлек тұлпарды таңдайды.

«Турасынан барып,  жүген салып,  мініп кетсең, атты көндіруге болады. Бірақ, аттың да жанына кісі жолатпайтын  небір асаулары бар. Негізі адамның көзіне көп түскен жылқы жылдам үйренеді»,-дейді атбегі Айдын Құрақбаев.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу