Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылатын болды

18.08.2015
Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылатын болды

2015 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласының Есіл ауданында  жаңадан 3600 орындық үш мектеп ашылады.

Астана қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бірінші оқу орны – № 77 мектеп–гимназиясы Орынбор көшесінде, екінші мектеп – № 79 мектеп–лицей Е-246 көшесінде орналасқан.

Үшінші – «Astana English School дарынды балаларға арналған» № 81 мектеп–гимназиясы – құрылысы жобаланып жатқан «Батығай» тұрғын үй кешенінің аумағында орналасады.

Бұдан бөлек, 1 қыркүйекке қарай № 26, № 37, № 38 және Хусеин бен Талал көшелерінде құрылысты аяқтау, екінші тоқсанда 1200 орындық мектептің ашылуы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 мың 675 орындық үш мектеп пайдалануға беріледі: Сейфуллин көшесі бойында 1100 орындық мектеп, А. Байтұрсынов көшесінде 1200 орындық мектеп, Көктал тұрғын алабында 375 орындық түзету мектеп–интернаты болады, делінген Астана әкімдінің сайтында.  

 

 

Хабарламаларға жазылу