АҚШ-та су тазалайтын кітап ойлап табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та су тазалайтын кітап ойлап табылды

18.08.2015
АҚШ-та су тазалайтын кітап ойлап табылды

Питсбургтің Карнеги-Меллон университетінде жұмыс істейтін америкалық  зерттеуші Тери Данкович әрбір парақшасы суды тазалайтын кітап ойлап тапты.

Бұл кітапты ойлап табуға бірнеше жыл кеткен. Ктіаптың құрамында алтын, күміс пен жездің наноқиыршықтары бар, олар суды дезинфекциялайды, ал кітаптың өзі суды тазалау туралы.  

Кітаптың табиғи жағдайда тазалағыштық қасиетін анықтау үшін ғалымдар Оңтүстік Африка, Гана мен Бангладештен 25 ластанған су көздерін тауып алып, кітапты сынап көрді. Тәжірибенің қорытындысы таңданарлық. Кітаптың парақшалары арқылы өткізілген бактериялар 99 пайызға азайған.

Бұл АҚШ-та ішуге рұқсат етілген стандарт. Кітап құрамындағы жез бен күмістің мөлшері тиісті мөлшерден аспайды, дейді кітап авторы.  
 

Хабарламаларға жазылу