«Телехикая менің көңілімде еш боямасыз, қазақилығымен ерекше қалды. Көбіне байқағаным, қазақи дүние түсірер болса, күлкілі қылып, қала мен ауылды салыстыра отырып түсіруге тырысады. «Біздің ағай» фильмінде ауылдың қарапайымдылығы, тазалығы барынша ашық көрсетілді»,-дейді актриса.