«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» мелодрамасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» мелодрамасын көріңіз

20.06.2015
«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» мелодрамасын көріңіз

Шығыстың ежелгі қаласы Гүлабадта көңілді де ақылды отын кесуші Әли-Баба анасымен және інісі Қасыммен бірге тұрып жатады. Бірде ол керуенге ілесіп жолға шығып, жоғалып кеткен әкесінен хат алады.

Көп ұзамай әкесін іздеп Үндістанға аттанады. Сол жерде ханшайым Марджинаны ажалдан құтқарады. Сөйтіп, Гүлабадқа сүйген қызымен бірге оралады. Үйіне оралған Әли-Баба қарақшылардың бөгетті бұзып, қаланы сусыз қалдырғанын естиді.

Фильмнің соңында Әли-Баба қарақшыларды жеңіп, бөгетті қалпына келтіріп, туған қаласын сумен қамтамасыз етеді.  

Режиссерлер Латиф Файзиев және Умеш Мехраның «Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» мелодрамасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:40-та тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу