Адамның руһын көтеретін де, көңілін құлазытатын да, жайнатып, жадырататын да – ән. Бірінші кезекте әуен болғанмен де, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады.
Ал, махаббатқа арналған әндер – ұйықтап жатқан жүректі оятады, жүрек қылын тербеп, адамға түрлі ой салады.
Бүгін «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабарында махаббат туралы әңгіме айтылып, махаббат туралы әндер шырқалмақ. 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.