«Әскери әндер» шырқалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери әндер» шырқалады

24.09.2014
«Әскери әндер» шырқалады

Қазақ радиосы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жобасы – республикалық «Әскери әндер» радиофестивалі жалғасуда. Фестивальге қатысатын үміткерлерге www.kazradio.kz арқылы дауыс беруге болады.

Өнер додасында үздік орындаушымен қатар, үздік ақын, үздік композиторлар анықталмақ. Сондай-ақ, радиофестивальдің қорытындысы бойынша 1 желтоқсанда гала-концерт өтеді.

Айта кетейік, мақсат - әскерилердің ұлттық мәдениетке, өнерге деген құрметін ояту, қазақ әскери әндерінің сапасы мен санын көбейту.

Шынайы патриоттықты ниет еткен күміс көмей, жезтаңдай әншіні бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

 

Дауыс беру

Хабарламаларға жазылу