Ұлбосын Шалқарова «Аяулы арман» фильмінде Айару атты кейіпкерді сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлбосын Шалқарова «Аяулы арман» фильмінде Айару атты кейіпкерді сомдайды

15.08.2015
Ұлбосын Шалқарова  «Аяулы арман» фильмінде Айару атты кейіпкерді сомдайды

«Аяулы арман» телехикаясына түскен актриса Ұлбосын Шалқаровамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлбосын Шалқарова 1992 жылы 15 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Бесқұбыр ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын актер шеберлігі мамандығы бойынша тәмамдаған. 

«Бала күнімде өнер адамы, полиция қызметкері және кәсіпкер болсам деп армандадым. Қазір барлық арманыма жеткендеймін. Актриса болу арқылы құқық қорғау саласының да, кәсіпкердің де рөлін сомдап жүрмін», дейді.

Ұлбосынның ең алғашқы түскен туындысы - көрермендерге Ұлттық арна арқылы жеткен (режиссері Жасұлан Пошанов) «Сұңқар» сериалы. Сондай-ақ, «Қара шаңырақ» телехикаясында Аяжан, «Әпке» сериалында Кәмила есімді кейіпкерлердің рөлін ойнаған.  

Ал, «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсіріп жатқан «Аяулы арман» фильмінде Айару атты кейіпкерді сомдайды.

«Әртіс сын арқылы өседі. Сын айтылып жатса, ол халықтың сенің өнеріңді жіті қадағалап отыратындығын білдіреді», дейді актриса.

 

Хабарды жүргізген: Мөлдір ЖАНБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу