«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

18.07.2015
«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

«Тағдырын іздеген екеу» - әйгілі мюзиклге құрылған романтикалық комедия. Фильмде Со Чжу Ву атты бойжеткен жас кезінде Үндістанда кездейсоқ кездестірген алғашқы махаббатын тағы кездестіруді армандайды. Ким Чжон Окты  ұмыта алмай жүрген ол детектив агенттігіне баруға бел байлайды.

Дәл осы уақытта Хан Чжи Юн «Сіздің алғашқы махабатыңызды тауып береміз» деген жеке агенттік ашады. Ал, Со Чжу Ву сол агенттіктің алғашқы клиенті еді.

Режиссер Чан Ю Чжонның фильмінде басты кейіпкерлерді Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин сомдайды.

Қызыққа толы комедияны бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу