15 тамыз – Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 тамыз – Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні

15.08.2015
15 тамыз – Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні

Әйгілі Махатма Гандидің «Халықтың моральдық дамуын, жануарларға деген қарым-қатынасынан байқауға болады»,-деген сөзі бар. Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні (International Homeless Animals Day) мереке емес, үй-күйсіз жүрген жануарлар мәселесіне көңіл аудару мақсатында аталып өтеді.

Аталмыш күн 1992 жылы Халықаралық Жануарлар құқығын қорғау қоғамының ұсынысымен белгіленген. Әлем бойынша бұл күні қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, еріктілер концерт, аукцион  өткізіп, түскен қаражат жануарларға жұмсалады.

Әлемдегі ең алғашқы жануарларды қорғау үйі  1695 жылы Жапонияда құрылған. Онда 50 мың   үй жануары болған. Ал, жануарларды зорлықтан қорғау туралы заң алғаш рет 1822 жылы  Ұлыбританияда шықты. Ал, Австралияда ит-мысықтардың құлағын, құйрығын кесуге, жыртқыштарды цирк өнеріне пайдалануға, күшіктер мен мыржықтарды зоодүкендердің сөрелерінде сатуға тыйым салынған.

Хабарламаларға жазылу