Астанада үй жануарларын күту туралы практикалық сабақ өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үй жануарларын күту туралы практикалық сабақ өтті

11.08.2023

Үйсіз жануарларға арналған панада зооволонтерлер үшін практикалық сабақ өтті. Дәріске 200 ерікті қатысты. Іс-шараның мақсаты – волонтерлердің жануарлар құқығын қорғау, оларды ұстау, күту және уақытылы көмек көрсету жөніндегі практикалық білімін арттыру. Курсты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырған. Жоба құны 24 млн теңге. Бүгін «Я живой» жануарлар панажайында елордалық еріктілерге курсты аяқтағаны жөнінде сертификат табысталды.

Дархан Сұлтан, «Біргеміз. Аяла» жобасының волонтері:

Оларға біз жануарлармен қалай жұмыс жасау керектігін, егер де көшеде қаңғыбас үй жануарларын көрген жағдайда қандай әрекет жасау керектігін, оларды қалай стерилизациялау керектігін барлығын біз онлайн түрде өттік.

Хабарламаларға жазылу