15 тамыз - Наполеон Бонапарттың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 тамыз - Наполеон Бонапарттың туған күні

15.08.2015
15 тамыз - Наполеон Бонапарттың туған күні

Наполеон Бонапарт 1769 жылы 15 тамызда Корсика аралындағы Аяччо қаласында ақсүйектер отбасында дүниеге келген.

Әскери қызметін 1785 жылы артиллерияның кіші лейтенанты шенінен бастаған.

Ол ерекше есте сақтау қабілеті және жұмысқа деген айрықша ынтасының, әскери кемеңгерлігінің арқасында халықты өзіне бағындыра алды.

Наполеон Бонапарт 1799 жылдың қарашасында билікті өз қолына біріктіру арқылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул атанды.

1804 жылы император болып жарияланды.

1800 жылы Француз банкінің негізін қалап, 1804 жылы Француз Азаматтық кодексін қабылдаған.

Оның жеңіспен аяқталатын әскери шабуылдары империя территориясының ауқымын кеңейтті. Наполеонның басқыншылық саясатымен Батыс және Орталық Еуропадағы бірқатар мемлекеттер Францияға тәуелді болды.  

1812 жылы Ресейге қарсы соғыста Наполеононың әскерлері жеңіліске ұшырады.  

Ал, 1814 жылы Францияға қарсы коалиция әскерінің Парижге енуінен кейін Наполеон I тақтан түсіп, Эльба аралына жер аударылады.

Ол 1815 жылы Франция билігіне қайта келгенімен, Ватерлоо шайқасындағы жеңілісінен кейін, осы жылдың маусым айында екінші рет тақтан таяды.

Өмірінің соңғы кезеңін Әулие Елена аралында тұтқында өткізді. 1821 жылдың 5 мамырында қайтыс болған.

Наполеон Бонапарт  - өзінің атын тұтас дәуірге беріп, тарихта елеулі орынға ие болған тұлға. Батыс демократиясындағы азаматтық нормалар негізінде Наполеон заңы жатыр. 


 

Хабарламаларға жазылу