Басты Жаңалықтар Айдын Айымбетов Қазақстан Әскери-әуе күштерінің туын ғарышқа алып ұшады

Айдын Айымбетов Қазақстан Әскери-әуе күштерінің туын ғарышқа алып ұшады

Айдын Айымбетов Қазақстан Әскери-әуе күштерінің туын ғарышқа алып ұшады

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзінің алғашқы ғарышқа ұшуында бірге алып ұшады.

Ту оның қазақстандық армиядағы ұшу мансабының бастамасы және аңсаған арманы - ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі саналады.

Қазіргі кезде Қазақстандның Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығы басқармасының өкілдері арқылы Әскери-әуе күштерінің туы ғарышкерге берілді.

Айдын Айымбетов 1993 жылы ұшқыш-инженер мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әскери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшуларды орындады. 2002 жылы ұшқыш қазақстандық ғарышкерлердің жасағына енгізуге ұсынылған.

Ол ғарышкерлікке үміткерлер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң «ғарышкер-сынаушы» біліктілігін алды.

2014 жылы оған «ҚР ӘӘК полковнигі» әскери атағы берілді. Алдағы «Союз ТМА-18 М» ұшу кемесінде ғарышқа ұшу ағымдағы жылы қыркүйектің басына жоспарланып отыр.

Айдын Айымбетов ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Могенсенмен (Еуропа ғарыш агенттігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.

Бөлісу