Теміржолшылардың 4 мыңға жуық балалары жазғы демалысын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржолшылардың 4 мыңға жуық балалары жазғы демалысын аяқтады

12.08.2015
Теміржолшылардың 4 мыңға жуық балалары жазғы демалысын аяқтады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әлеуметтік бағдарламасына сәйкес, теміржолшылардың 4 мыңға жуық балалары жазғы демалыс-сауықтыру орындарында демалды.

Олардың ата-аналары бұрынғы балалардың дамалуларына кететін шығынның он пайызын ғана төлейді, қалған шығынды Ұлттық компания өз бюджеті есебінен жабылды.

Ақмола облысының балалары Бурабайда, шығысқазақстандықтар Өскемен маңындағы «Матросовода», алматылықтар «Мадагаскар», қостанайлықтар «Қарағайлыда»,  павлодарлықтар «Орман ертегісі», қарағандылықтар «Аққайыңда», жамбылдықтар «Болашақта», ақтөбеліктер «Энергетикте», маңғыстаулықтар «Фламинго» сауықтыру демалыс орындарында демалды.

Барлық балалар жазғы демалыстарын аса жайлы да қызықты өткізді. Оларға бес мезгіл тамақ беріліп, белсенді демалыс жағдайы жасалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  әлеуметтік бағдарламасына теміржолшылардың 7-13 жас аралығындағы балалары тартылды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу