Биыл Шығыс Қазақстан облысында 93 мыңдай бала жазғы демалысын лагерде өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 93 мыңдай бала жазғы демалысын лагерде өткізеді

15.06.2023

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 93 мыңдай бала жазғы демалысын лагерде өткізеді. Негізгі басымдық көпбалалы және тұрмысы нашар отбасындағы жеткіншектерге беріледі.

Биыл аймақта алғаш рет әлеуметтік осал топтағы отбасының балалары тегін демалыспен қамтылып отыр. Осы жазда қала сыртында 19 ал, мектеп жанында 195 лагерь ашылды. 204 бейінді алаңдар жұмыс істейді. Оған қоса жазғы маусымда тіл үйрететін , спорттық , туристік және бизнес-лагерьлер де ашылған. Биыл өңірде «Қонақ отбасы» деген тағы бір қанатқақты жаңа жоба іске асып жатар. Осы жоба аясында қаланың балалары Қотанқарағай ауданыдағы тек қазақша сөйлейтін үйлерде 20 күн бойы қонақ болады. Қазақтың салт-дәстүрі мен тілін үйреніп, ауылдың тыныс тіршілігімен танысады.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу