Қызылордалықтар жылыту маусымының жақындауына орай қауіпсіздік шараларын нығайтуға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар жылыту маусымының жақындауына орай қауіпсіздік шараларын нығайтуға кірісті

12.08.2015
Қызылордалықтар жылыту маусымының жақындауына орай қауіпсіздік шараларын нығайтуға кірісті

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша 2015-2016 жылғы жылу беру маусымына жылу-энергиямен қамтамасыз ету объектілерінің дайындығы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, жылу беру маусымында жылу-энергиямен қамтамасыз ету нысандарының істен шығып кетуі себебінен адам өлімі мен материалдық шығын келтірілген қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін «Дөңгелек үстел», «Кездесулер», «Сабақтар» ұйымдастырылуда.

Осы бағытта 2015 жылдың 11 тамызында жылу-энергетикалық кәсіпорындарының аумағын қорғауды қамтамасыз ететін полиция бөліністерінің жеке құрамымен өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аталған іс-шаралар барысында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өртті анықтау мен сөндіру автоматты жүйелерінің жұмысқа жарамдылығына, ведомстволық өртке қарсы құрылымдарды құруға және өрт техникасының қажетті санымен қамтамасыз етуге басты назар аудару қажет екендігі түсіндірілді.

 

 

Хабарламаларға жазылу