Әскерге барар алдында жастармен діни сауаттылық тұрғысында кеңестер өткізілді

10.08.2015
Әскерге барар алдында жастармен діни сауаттылық тұрғысында кеңестер өткізілді

Қазақстанның Қарулы Күштерін жас сарбаздармен жасақтау мақсатында көктемгі шақырту кезінде Астана қаласынан 700 адам отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды. Бұл соңғы 10 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.

Астана әкімдігінің мәліметтерінше, «Алматы» ауданынан 387 адам, «Сарыарқа» ауданынан 313 адам әскер қатарын толықтырды. Бұл маусымда 1997-1998 жылдары туылған елорда тұрғындары жедел әскери қызметін өтеуге шақырылды.

Әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде Қорғаныс істері департаменті, Астана қаласы Дін істері басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі біріккен іс-шараларды жүзеге асырды.

Соның аясында жас сарбаздармен және олардың ата-аналарымен діни сауаттылық тұрғысында кеңестер өткізілді. Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне де басым назар аударылды.

Қазіргі уақытта 2015 жылдың күзінде Астана қаласында өткізілетін әскери шақырту шараларына дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда. Қарулы күштер сапына сарбаздарды жіберу 2015 жылдың 1 қазанында өтеді деп жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу