Астанада имамдарға арналған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада имамдарға арналған семинар өтті

02.08.2018

Діни тұрақтылықты сақтау үшін имамдар көп жұмыс атқаруы керек. Бүгін Астана қаласының діни қызметкерлерімен өткен семинарда мамандар осылай деді. Жамағатқа сауатты уағыз айту және ақ пен қараның арасын ажырататындай сауат бере білу маңызды. Діннің атын жамылып дүрбелең жасайтындар мен теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін халықпен көп жұмыс істеу керек. Дәстүрлі діннің діңгегін берік қыла отырып, елдегі тұрақтылық пен жан-жақты дамуға жол ашуға болады. 

Айбек Аташев, Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары:

- Біздің елімізде діни сауаттылық бұрында болған. Сол діни сауаттылығымызды дәстүрімізбен ұштастыра отырып, алға қарай дамытсақ. Бізге қазіргі уақытта барлығын бір-бірімен ұштастыра алатын діни қызметкерлер ауадай қажет. Семинар осы мәселелерді дамыту үшін ұйымдастырылып жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу