1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» тұрғын үй кешенінің жанында дарынды балаларға арналған № 81 Astana EnglishSchool» гимназиясы ашылады.
Мектепте қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ беріледі.
Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушылар қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап өтейік, биыл 1 қыркүйекте елордада жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды. Жаңа оқу жылында елордалық 17 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға көп.