Бүгін - Халықаралық мұражайлар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халықаралық мұражайлар күні

18.05.2014
Бүгін - Халықаралық мұражайлар күні

Бүгін - Халықаралық мұражайлар күні. Оны Қазақстан жұртшылығы да атап өтеді.

Тәуелсіздік жылдары еліміздегі мұражайлар саны арта түскен. Атап айтқанда, 1995 жылы елімізде небәрі 87 мұражай болса, 2013 жылы олардың саны 224-ке жеткен. Сонымен қатар оларға келушілер саны да артқан, 1995 жылы ол 2,5 миллион адамды құраса, өткен жылы 4,8 миллион жан құнды жәдігерлерге қызығушылық танытқан. 

Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы еліміз бойынша оңтүстік өңірдегі мұражайлар ең көп келушілерді қабылдаған, ондағы туындыларды тамашалаушылар саны мұнда 1 миллион 100 мың адамнан асып түскен. ШҚО музейлеріне 623 мыңнан астам адам барған. Ал елордадағы ғасырлардан сыр шертетін ғимараттар табалдырығын 531 мыңнан астам адам аттаған. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы музейлерде 57,4 мың жан болған.

Ал әлемдегі тарихи және өнер жәдігерлеріне аса бай әрі ірі мұражайлардың бірі - Луврды 2012 жылы он миллионға жуық жан тамашалаған.

Айта кетейік, 18 мамыр күні әлемдегі тарих және өнер құндылықтарын құрмет тұтушылар Халықаралық мұражай күнін атап өтеді. Бұл күнді айтулы күн ретінде белгілеу туралы шешім 1977 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесінде қабылданған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу