Зарина Диас жарақатына байланысты Вашингтон турнирінен шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас жарақатына байланысты Вашингтон турнирінен шығып қалды

04.08.2015
Зарина Диас жарақатына байланысты Вашингтон турнирінен шығып қалды

Қазақстандық тенисші Зарина Диас Америка астанасындағы Citi Open турниріндегі ойынын тоқтатты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бірінші раундта жерлесіміз АҚШ өкілі Лорен Дэвиспен кездескен.

Бірінші сетте Зарина 5:7 есебімен жеңілген, ал екінші партия басталғаннан кейін, 15:40-та жарақатына байланысты турнирдегі бәсекесін тоқтатты.

Хабарламаларға жазылу