«Алып тұлғалар». Абылай хан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алып тұлғалар». Абылай хан

03.08.2015
«Алып тұлғалар». Абылай хан

Хан Абылай (1771-1781) – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекет қайраткері. Ол ел билеген кезде мемлекеттік құрылымға айтарлықтай өзгертулер енгізген тұлға. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер.  

Абылай хан сырттағы қауіппен күресе жүріп, қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады.

«Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. 

Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», деп жазады Мемлекет басшысы Н.Назарбаев. 

Бүгін 23:40-та Хан Абылай туралы «Алып тұлғалар» хабарынан  көріңіз.

Хабарламаларға жазылу