«Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді

26.03.2015
«Абай  және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді

Таяуда «Абай  және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді. Еңбектің авторы ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.

Қазақтың идеалы – Абай.  Кітапта Абайдың қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, Қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев  сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəліметтер беріледі.

Әр қара сөздің мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі – мəселенің қазіргі жағдайы қалай, екіншісі – не істеу керек, деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру. Соның арқасында Қазақстанды, яғни, Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру – автордың негізгі мақсаты.

Сөз соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылған. Яғни, рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік, экономика туралы алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктері қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу