Астаналық саябақта «Көңілді старт» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық саябақта «Көңілді старт» өтеді

02.08.2015
Астаналық саябақта «Көңілді старт» өтеді

Алдағы демалыс 1-2 тамыз күндері Есіл өзені бойындағы Астаналық саябақта елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Көңілді старт» ұйымдастырылады. Спорттық сайыстарға үлкендер мен балалардың бәрі қатыса алады. Спорт мерекесінің басталуы сағат 18:00-де.  

Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларын бағалы сыйлықтар күтеді. Шараны Астана қалалық Туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасы «Астана – есірткісіз қала!» жобасы аясында өткізіп отыр. Қабылданған бағдарламаға сәйкес биылғы жаздың басынан бері спорттық–бұқаралық шаралар апта сайын өткізіліп келеді, оларға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қатысып үлгерді. Акцияның мақсаты – Қазақстандықтар арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Қала тұрғындарының қатысуымен бұқаралық спорттық шаралар өткізу спорттық дәстүрге айналды.

Хабарламаларға жазылу