Қазгидромет: Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

29.07.2015
Қазгидромет: Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Суық атмосфералық фронттармен бірге Батыс Сібір аудандарынан  келген ауаның әсерінен Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында тек жақын арадағы тәуліктерде күн салқындап,   өткінші жаңбыр жауады.  

Ал, республикамыздың батыс облыстарының ауа райын анықтайтын антициклон республиканың барлық аймағына таралады. Сондықтан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы  батыста +30…37º-қа дейін, ал орталық және оңтүстіктің кейбір жерлерінде +38…42º-қа дейін көтеріледі.

Хабарламаларға жазылу