Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін

28.09.2020
Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін

Қазан айының басында еліміздің оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін. Синоптиктер алдағы үш күнге (29 қыркүйек-1 қазан) арналған ауа райы болжамын жариялады.

«29 қыркүйек-1 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне антициклон әсер етіп, кей жерлерде жаңбыр жауады. Республика бойынша кейбір өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, қиыр оңтүстікте үсік жүруі мүмкін», - делінген Қазгидромет мәліметінде.

Фото: pixabay.com

Хабарламаларға жазылу