Елордада 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында VIII «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолұшын созу. Сондай-ақ, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
Іс-шараларға Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық бірлістіктер, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамдастықтары және тағы басқа ұйымдар атсалыспақ.
Акция барысында мынадай шаралар өткізу жоспарлануда:
- әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына арналған қайырымдылық іс-шара («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және т.б.);
- аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін ірі сауда орталықтарында мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату бойынша «Мейірімді қолдар» акциясы;
- «Отбасынан отбасына» қолдау: «Баланы мектепке дайындаймыз», «Балаларға мейірім сыйла!» қайырымдылық акциялары;
- 22, 23 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі ұйымдастыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
№ 7, 52, 76 мектептерде (14.08, 21.08, 28.08, 3.09) баланы мектепке орналастыру бойынша мамандардың кеңесі және заңгерлік көмек көрсетіледі.