Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасады

27.07.2015
Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасады

Кездесу 2015 жылдың 17 қазанында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Канадалық  боксшы Давид Лемье осыған дейін 36 кездесу өткізіп, оның 34 жеңіске жетсе, 31 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ол соңғы кездесуін биыл 20 маусымда франциялық боксшы Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін биыл 17 мамыр күні америкалық кіші Вилли-Монромен өткізіп, 6 раундта нокаутпен ұтқан.

Хабарламаларға жазылу