Головкин Уэйдпен болатын жекпе-жегі үшін 2 миллион доллар гонорар алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин Уэйдпен болатын жекпе-жегі үшін 2 миллион доллар гонорар алады

23.04.2016
Головкин Уэйдпен болатын жекпе-жегі үшін 2 миллион доллар гонорар алады

Ертең, 24 сәуір күні, сағат 07:00-де WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

34 жастағы жерлесіміз бұл кездесуі үшін 2 миллион доллар гонорар алады. Айта кетейік, қазақстандық спортшы канадалық Давид Лемьемен болған жекпе-жегі үшін де осынша қаржы тапқан еді. Ал, 26 жастағы Уэйд 500 мың доллар алмақ.

Сонымен қатар, аса жеңіл салмақтағы WBC чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес 300 мың, ал оның қарсыласы пуэрторикалық Маквильямс Арройо - 75 мың доллар ақша табады.

Еске сала кетейік, Головкин-Уэйд бокс кеші ертең, 24 сәуірде, таңғы 07:00-де басталады. Жекпе-жектерді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу