Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматы жұмыс істеуде - Біржан Нұрымбетов

26.07.2015
Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматы жұмыс істеуде - Біржан Нұрымбетов

Қазақстан шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шараларын қайта қарастырады.

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Сөз басында Біржан Нұрымбетов ҚР көші-қон саясаты ішкі еңбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтау қағидаларына, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделгенін атап өтті.

ҚР Үкіметінің 2015 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға бекіткен квота көлемі республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады.  

2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, елімізде 144 елден келген 38 346 шетел азаматы жұмыс істейді. Оның 63 пайызға жуығы - жоғарғы санаттағы жұмыскерлер (топ-менеджерлер, орта буын басшылары, мамандар), 37 пайызы - білікті және маусымдық шетелдік жұмыскерлер.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда «Көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

Онда шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған.

 

Хабарламаларға жазылу