Шетелден қарапайым жұмысшыларды тартуға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден қарапайым жұмысшыларды тартуға тыйым салынады

25.02.2020

Ірі компанияларға қарапайым жұмысшыларды шетелден тартуға тыйым салынады. Бүгін Парламент Сенатындағы отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Сондай-ақ шетел азаматтары мен Қазақстандықтардың жалақы айырмашылығы да заңмен қадағаланатыны айтылды.

Қазір Қазақстанда 111 мемлекеттен келген 19 мың шетелдік жұмыс күші бар.

Былтыр елдегі 95 ірі компанияға тексеріс жүргізіліп, 1 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Оның 500-ге жуығында жалақының әртүрлі төленген. Осылайша, 700-ден астам адамның жұмыс істеу құқығы шектеліп, 507 адам еліне қайтарылған. Яғни, қызметі бір маманға бірдей жалақы төлеу керек деген ереже бізде бұрыннан бар.

Сондай-ақ, шетелден жұмыс күшін тартқандарды жыл сайын жоспарлы түрде тексеріп тұру да жаңа еңбек кодексінде қарастырылған. Бұл заң жобасы қазір төменгі палатаның қарауында. Екінші оқылымнан өткен соң Сенаттың талқысына шығады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу