Қатаң карантин орнаса, Қазақстанда неше адам жұмысынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатаң карантин орнаса, Қазақстанда неше адам жұмысынан айырылуы мүмкін

09.10.2020
Қатаң карантин орнаса, Қазақстанда неше адам жұмысынан айырылуы мүмкін

Көктемгі және жаздағы карантин қайталанса, Қазақстанда 160 мыңдай адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Бүгін брифинг өткізген Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрі Біржан Нұрымбетов сарапшылардың зерттеуіне сүйене отырып, карантин қайталанса, еңбек нарығындағы жағдайға болжам жасады. 

«Егер аяқ асты жағдай ушығып, Үкімет сәуір-мамыр айларындағыдай қатаң шара қолдануға мәжбүр болса, біздің есебіміз бойынша 4 млн-ға жуық адам жұмысын сақтап қалады (құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық салаларында), 2,5 млн адам қашықтан жұмыс істеуге көшеді (жоғары білікті). Шамамен 2 млн-ға жуық адамның жұмыс уақыты қысқарды, олар ақылы немесе ақысыз демалысөа кетуі мүмкін, мәселен сауда-саттық, көлік, тамақтану, қонақ үй салаларында. Ал, шамамен 160 мың адам жұмысынан айырылу мүмкін», - деді Біржан Нұрымбетов. 
Біржан Нұрымбетов қашықтан жұмыс істеу

Хабарламаларға жазылу