Ақтөбеде Тұңғыш Президент күні қарсаңында көпқабатты жаңа үй қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Тұңғыш Президент күні қарсаңында көпқабатты жаңа үй қолданысқа берілді

30.11.2021

Ақтөбеде Тұңғыш Президент күні қарсаңында көпқабатты жаңа үй қолданысқа берілді. Мұндағы 159 пәтердің 30-ы жетім балаларға бұйырды.

Пәтер кілтін алғандардың қуанышында шек жоқ. Олардың көбі -жылдар бойы үй кезегінде тұрғандар. Құрылыс өткен жылы басталған. Мердігер компания өкілдері пандемияға және құрылыс материалдарының қымбаттауына қарамастан, барлық жұмысты дер кезінде аяқтады. Жыл аяғына дейін облыс орталығында тағы бірнеше үй пайдалануға берілмек. Ал, облыс бойынша үй кезегінде тұрғандар саны 24 мыңнан асады.

Нұргүл Ниязбекова, тұрғын:

«2009 жылдан бастап жетім бала категориясы бойыншатұрдым. Енді осы 2021 жылы алып жатырмын. Үш бала-шағам бар, екі ұл бір қыз жәнежолдасым. Өте қуаныштымыз алып жатқанымызға. Бұған дейін жалдап тұрдым, өте қиынболды, 60-70 мыңнан төлеп тұрдық».


Хабарламаларға жазылу