Daily Mail басылымының хабарлауынша, Кавачи жанартауының кратерін зерттеу барысында америкалық ғалымдар акуланың екі түрін және басқа да теңіз жануарларын кездейсоқ түсіріп алған. Бір қызығы, олар аса жоғары температурада әрі су шектен тыс қышқыл болса да, өздерін өте жақсы сезінген.
Арнайы зерттеу жұмыстарына арналған 40 келілік камераны зерттеушілер белсенді вулканның кратеріне орнатқан болатын. Арада бір сағат өткенде камера өздігінен теңіздің бетіне қалқып шыққан. Осы кезде ғалымдар түсірілген материалдарды қарауға кіріседі.
Камерадан балғабас акула мен жібек акуланы, Hexatrygon Bickelli скат балығын және өзге де теңіз жәндіктерін көргенде ғалымдардың таңқалмасқа шарасы қалмады. Мұндай жағдайда олардың қалай тірі қалғанын ғалымдар зерттеуді жоспарлауда.