Павлодарлық жастар контрацепция құралдарын дұрыс пайдалану тренингінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық жастар контрацепция құралдарын дұрыс пайдалану тренингінен өтті

23.07.2015
Павлодарлық жастар контрацепция құралдарын дұрыс пайдалану тренингінен өтті

Бүгінде павлодарлықтар арасында контрацепция құралдарын дұрыс пайдалану және сақтау, спайс пен қорқордың адам ағзасына кері әсері жөнінде мәселе жиі көтерілуде.

Осыған орай Жастар бастамаларын дамыту орталығынан әлеуметтік тапсырысты ұтып алған «Challengе» қоғамдық қоры «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингке қатысқан  14-29 жас аралығындағы жастарға контрацепция құралдарын дұрыс пайдалану туралы ақпарат берілді.

«Challengе» қоғамдық қорының жетекшісі Елена Бондареваның айтуынша,  Павлодар облысында 14-29 жас аралығында 3614 адам наркология диспансерінің тізімінде тұрса, 5370-і психикалық диспансердің есебіне алынған және 4378-і – АИТВ жұқтырған.

Қазіргі таңда қоғамдық қор 29 тренинг өткізіп үлгерген.

Хабарламаларға жазылу