Еуропа Лигасы. «Қайрат» - «Алашкерт» арасындағы матчты португалиялық төрешілер басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы. «Қайрат» - «Алашкерт» арасындағы матчты португалиялық төрешілер басқарады

22.07.2015
Еуропа Лигасы. «Қайрат» - «Алашкерт» арасындағы матчты португалиялық төрешілер басқарады

23 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласында өтетін кездесуге португалиялық Жоау Капелом төрелік етеді. Оған екі қапталдан отандастары Нуну Перейра мен Руй Мигель Мартинс Ресенде Тейшейра көмектеседі. Төртінші төреші – Тьягу Мартинш.

Матч Ереван қаласындағы «Вазгена Саргсяна» стадионында Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Кайрат» клубы өз алаңында «Алашкерт» командасын 3:0 есебімен ұтқан.

Кездесуді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу