Кеңес одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оқуға түсетін жастар биылғы жылы жаңа бағдарлама бойынша оқытылатын болады. Бірінші курс – жалпыәскери факультетте оқу, екінші курс – үлгерімі, денсаулық жағдайы және медициналық көрсетілімдер ескеріле отырып, мамандықтар бойынша бөлу. Мұндай жүйе әскери жоғары оқу орнында алғаш рет енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Осындай әдістеме болашақ мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді және мамандықтар туралы нақты түсінік алып, бір жыл оқығаннан кейін дұрыс таңдау жасау үшін жастардың өздеріне пайдалы болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта ұшу институты оқуға түсуге қабылдау бастады. Конкурстық іріктеуді (психологиялық тест, спорттық даярлық нормативтері, медициналық тексеру) жасөспірімдер жоғары оқу орнында өтеді. Қазірдің өзінде мұнда Ақтөбе мен Ақтөбе облысынан жиналған алғашқы 50 талапкер келіп жетті, ал 26 шілдеге дейін Қазақстанның өзге өңірлерінен шамамен 130 жасөспірім келеді деп күтілуде.
Мұнда талапкерлердің саны жағынан әскерилерге, атап айтқанда, ұшу мамандықтарына сұраныс артып келеді деуге болады. Көптеген бозбалалар өздерінің келешегін ұшқыш немесе инженер кәсібімен байланыстырып, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет еткісі келеді. Кеңес одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты білікті ұшқыштарды, инженер-механиктерді, штурмандарды, радиоинженерлерді дайындауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны. Бұл білім ошағында тоғыз мамандықта 500-ге жуық курсант, оның 50-і Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде білім алуда.