Қазақстанның әскери оқу орындарына 1500-ден астам талапкер құжат тапсырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның әскери оқу орындарына 1500-ден астам талапкер құжат тапсырған

31.07.2015
Қазақстанның әскери оқу орындарына 1500-ден астам талапкер құжат тапсырған

Биылғы жылы Қазақстанның әскери оқу орындарына 1500-ден астам талапкер құжат тапсырған.  Олардың 1 114-і  екі кезеңнен - психологиялық іріктеу мен дене даярлығының тексерісінен сүрінбей өтті.

Енді «түбегейлі медициналық куәландыру», «жас жауынгер курсы» және «соңғы кәсіби іріктеуден» өтулері тиіс.

Барлық кезеңнен мүдірмей өткен талапкерлер факультеттер бойынша байқау іріктеуіне қатысады, сондай-ақ, 21 тамызға дейін ресми түрде тиісті әскери оқу орнының тізіміне енгізіледі.

Қазіргі уақытта 559 бозбала Құрлық әскерлерінің Әскери институтына, 370-і Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтына және 185-і Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери инстиутына түсуге іріктеуден өтуде.

 

Хабарламаларға жазылу