Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық сақталады

18.07.2015
Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық сақталады

 

Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз  ауа температурасы 23-31º, ал орталықта +27-35º-қа  дейін төмендейді. Мұндай температура  18-20 шілде аралығында  сақталады.

Ал,  Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жексенбі және дүйсенбі күндері өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде.

Алайда аптап ыстық  сақталады.  Аталған аймақтарда ең жоғары температура +35-45º, шығыста +33-38º, кей жерлерде +42º болады. Бұл нормадан 5-8º жоғары, деп хабарлайды Қазгидромет.

Хабарламаларға жазылу