Бүгін «Астана Операда» театр маусымының жабылуына орай гала-концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана Операда» театр маусымының жабылуына орай гала-концерт өтеді

12.07.2015
Бүгін «Астана Операда» театр маусымының жабылуына орай гала-концерт өтеді

Бүгін Астанадағы «Астана Опера» театрының үлкен залында ІІ театр маусымының жабылуына орай гала-концерт өтеді, деп хабарлайды astanaopera.kz.

Кеште опера солистері, балет жұлдыздары, хор, аспапшылар мен театрдың симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Концерт дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Шара бағдарламасында үздік әрі театрдың әлемдік турнесі кезінде шетелдік көрермендердің  ықыласына бөленген шығармалар қамтылған.  Сондай-ақ, қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың операларынан көріністер мен ариялар шырқалады.

Хабарламаларға жазылу