Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы 4-ші және 5-ші жылу магистральдары салынады. Аталмыш магистральдар ЖЭО-2 және ЖЭО-3 арқылы теміржол вокзалы, EXPO нысандары, Жасыл квартал, әлеуметтік нысандарға жылу тарату үшін қажет.
Тиісті жұмыстар жылу трассаларының өткізу қабілеттілігін ұлғайтуға, тозығы жеткен жылу желілерінің көлемін азайтуға, сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылумен қамтуға ауыстырудың есебінен қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға ықпал етеді.