«Ордабасы» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ордабасы» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады

10.07.2015
«Ордабасы» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады. «Бейтар» клубымен өткен кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыластарына 2:1 есебімен есе жіберді.

Ойындағы алғашқы голды 16-минутта Ацили қақпаға жіберді. Бірінші таймның қалған уақытында шымкенттік команда бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, одан нәтиже шықпады.

60-минутта Габбай «Ордабасының» қақпасына тағы бір доп жіберді, алайда бірнеше минуттан кейін шымкенттіктер де гол соқты – 2:1. Осы есеп ойынның аяғына дейін өзгерген жоқ.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 2 шілдеде Шымкентте өткен. Ондағы есеп – 0:0.

Хабарламаларға жазылу