Айнтрахт Франкфурт Еуропа лигасының чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айнтрахт Франкфурт Еуропа лигасының чемпионы атанды

19.05.2022

Айнтрахт Франкфурт Еуропа лигасының чемпионы атанды. Германиялық команда финалда Шотландиялық РейнДжерспен тең ойнады. Негізгі уақыттағы есеп 1:1. Алайда ойын соңындағы пенальтиде қарсыласынан басым түсті. Севильяда өткен ойын жанкүйерлер күткендей тартысты болды. Кездесудің 57 минутында Джо Арибо шотландиялық қорғаушылардың қателігін пайдаланып, алғашқы голды салды. Араға 12 минут салып Сантос Борре есепті теңестірді. Тоқсан минутта чемпионды анықтай алмаған қос команда қосымша уақытта да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Матч соңындағы пенальтиде Рейнджерстің ойыншысы Арон Рэмзи мүлт кетіп, Германиялық команда 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл Айнтрахт командасының соңғы 42 жылдағы екінші еуро кубогы. Оливер Гласнердың шәкірттері келесі жылы чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Ал қазір жаңалықтардан кейін Айнтрахт Франкфурт пен Рейнджерс арасында өткен Еуропа лигасының финалдық матчына шолуды назарларыңызға ұсынамыз. Арнадан алыстамаңыздар. 

Хабарламаларға жазылу