«Ордабасы» футбол клубы Иерусалимде ойын алдындағы жаттығуларын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ордабасы» футбол клубы Иерусалимде ойын алдындағы жаттығуларын өткізді

09.07.2015
«Ордабасы» футбол клубы Иерусалимде ойын алдындағы жаттығуларын өткізді

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқан Қазақстандық «Ордабасы» клубы кеше «Бейтар» (Израиль) клубына қарсы ойнау үшін Иерусалим қаласына жетіп, ойын алдындағы алғашқы жаттығу-жиынын өткізді.  

Турнирдің бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында «Ордабасы» клубы өз алаңында Иерусалимдік «Бейтар» клубын қабылдап, 0:0 есебімен тең тарасқан. Қос клуб арасындағы қарымта кездесу бүгін Израиль астанасында өтеді.

Айта кетейік, «Ордабасы» мен «Бейтар» клубтары арасындағы ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасынан сағат 23:00-де тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу