«Таңшолпанда» – Зейнеп Ахметова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» – Зейнеп Ахметова

11.09.2014
«Таңшолпанда» – Зейнеп Ахметова

Ұлттық арнаның «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасына ертең жазушы Зейнеп Ахметова сұхбат береді. Отбасы күніне орай бүгінгі жастар мен жас отбасыларға тағылымды әңгімесі арқылы кеңес бермек.

14 қыркүйек күні  Астанадан 30 шақырым жерде аламан бәйге өтеді. Осыған орай таңғы бағдарламада Мемлекет және қоғам қайраткері,  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының  президенті Бекболат Тілеухан  қонақта болады.

Сондай-ақ, «Таңшолпанға» XV-Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, режиссер, ақын Балтабек Нұрғалиев пен ақын Қабиден Қуанышбайұлы келеді. Қонақтар «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) атты қаламгерлер клубының құрылуына байланысты әңгіме өрбітпек.

«Таңшолпан» бағдарламасын ертең сағат 07.00-10.00 аралығында көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу