Астанада «Аида» операсы қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Аида» операсы қойылды

02.07.2015
Астанада «Аида» операсы қойылды

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Джузеппе Вердидің «Аида» операсы қойылды. Ашық аспан астында халық назарына ұсынылған туынды бұрын-соңды болмаған оқиға.

«Аида» операсы мен пирамида пішіндес салынған Бейбітшілік және келісім сарайы бір-бірімен үндесіп тұр.  Аида өмір сүрген кезең дәл осы ғимараттың жанында халыққа ерекше әсер ететінін білдік. Менің ойымша, «Аида» операсы біздің елдің мәдениеті кеңістігіндегі үлкен оқиға»,- дейді «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Майемеров.

Әлемдік деңгейдегі қойылымды тамашалауға Елбасы арнайы келді. Сондай-ақ,  халық қалаулылары мен танымал өнер жұлдыздары да болды. Қойылымды сахналауға 300-ге жуық әртіс пен 200-ден астам техника маманы жұмылдырылған.

Операдағы бас партияларды Болгариядан келген тенор Камен Чинаев және «Астана Опера» солисі Жұпар Ғабдуллина орындады. Қойылым режиссері -Ресейдің халық әртісі Юрий Александров.

«Бұл – менің репертуарымдағы көптеген опералардың бірі.  «Аида» операсы образ жағынан маған өте жақын. Бұл – вокалдық-техникалық жағынан кез келген әншінің қолынан келе бермейтін опера»,-дейді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу