«Аида» операсы ашық аспан астында сахналанады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аида» операсы ашық аспан астында сахналанады (толығырақ)

30.06.2015
«Аида» операсы ашық аспан астында сахналанады (толығырақ)

Ертең Елордада алғаш рет «Open air» форматында атақты Италия композиторы Джузеппе Вердидің  «Аида» операсы сахналанады.

Бірегей жобаны жүзеге асыру үшін пирамида пішінінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайының алаңы таңдалып алынды.

Дәл қазір онда «Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы спектакльдің соңғы бөліміне дайындықтарын пысықтауда.

Қойылым 21.30-да басталады.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу