Астанада «Абай» операсы қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Абай» операсы қойылды

07.07.2016
Астанада «Абай» операсы қойылды

«Астана Опера» опера және балет театры көрермендерге «Абай» шығармасын ұсынды. Өнер туындысы Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың әндеріне негізделген. Қоюшы режиссері - италиялық Джанкарло Дель Монако.

Қазақ музыка өнеріндегі көрнекті шығармалардың бірі саналатын бұл опера алғаш қыркүйек айында сахналанған. Онда Сүндет Байғожин, Майра Мұхамедқызы, Дина Хамзина сынды опера майталмандары өнер көрсетті.  

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу