Қазақстанның Польшадағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланысты арттыру мақсатында Варшава қаласында екі елдің билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жиын болып өтті.
Осы орайда екі мемлекет арасында «KZ-EURO-PL» Еуразиялық палатасы құрылды. Ұйым құрамына машина жасау, аграрлық өнеркәсіп, энергетика, құрылыс салалары бойынша жұмыс атқаратын Польшаның жетекші компаниялары және 70-тен астам орта кәсіпорындары енбек.
Еуразиялық палата Қазақстанда «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасын Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанада іске асуына қолғабыс көрсетеді.
otyrar.kz