Алматыны алма бағына айналдыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыны алма бағына айналдыру қажет

27.01.2014
Алматыны алма бағына айналдыру қажет
Иісі аңқыған апортымен әлемді тамсандырған Алматыны алма бағына айналдыру қажет. Себебі, Алатау бөктеріндегі әсем қалаға келген әрбір турист алдымен Алматы атауының шығу тарихын сұрайды.
 
Сондықтан, шаһар кәсіпкерлері  мен өнер адамдары, ақындардан құралған  ынталы топ жаңа бастаманы қолға алды. Бүгін акцияның ереже-шарттарымен тілшілерді таныстырды. Ұйымдастырушылар  сәуір айынан бастап, қала көшелері мен аулаларына сиверс алмасын отырғызады.
 
Алманың бұл түрінің бір түбі 700 теңге тұрады.  Идея авторы Ерлан Стамбеков қазір 1000 көшетке тапсырыс беріпті. Оның айтуынша, игі істің жемісін өскелең ұрпақ көреді. Мұрынды жарар алманың иісімен демалып, экологиясы таза қалада өмір сүреді,- дейді.
 
Сондай-ақ, шара барысында алмалы Алматының тарихынан сыр шертетін концерт өткізіліп, клиптер түсіріледі.  Елімізде тұңғыш қолға алынып отырған шараға ниет білдірушілер фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған арнайы мәліметпен танысып, акцияға қатысуына болады. 
 
Ерлан Стамбеков, кәсіпкер: 
Мақсатымыз - осы жобаны елге паш ету. Өздеріңіз білетіндей,  40 жылдан бері қала аулаларынан қазір алма ағашын көрмейтін болдық. Бұрын әрбір аулада алма бағы жайқалып тұратын. Әлемді қызыл апортымен тамсандырған Алматының сол келбетін қалыптастыру үшін ел болып осы іске атсалысуымыз керек. 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу